Тоқаев: Халықтың жартысы айына 50 мың теңге алып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін мәлімдеді.
Тоқаев ұлттық табыс құрылымында 2020 жылы бизнестің табысы ең жоғары үлеске ие екенін айтты. Ол - 61,5 пайыз. Салық үлесі - 7,3 пайыз, ал қазақстандықтардың жалақысының үштен бірінен азы келеді.
"Бұл өте аз. Мысалы, Ресейде экономиканың ұқсас құрылымына қарамастан, жалақы 46,7 пайыз болады, яғни бізден 1,5 есе көп. Ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі мен әділдікте айқын мәселе бар.
Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG, 162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растайды. Ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл асады. Мұндай табысқа жету мүмкін емес, жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек", - деді Президент бизнес өкілдерімен кездесуде.
Abai.kz