Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
Анық-қанығы 5283 5 пікір 24 Қаңтар, 2022 сағат 14:17

Кіші қыздың кәсібі һәм 300 млн доллардың есебі

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Қазақстаннан шамамен 300 миллион долларды алып шыққанын The Telegraph газеті жазды.

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева елден 300 миллион долларға жуық ақшаны алып шығып, Лондоннан 11,8 миллион долларға зәулім үй, жеке ұшақ, швейцар банкінің акцияларын және Дубайдан үй сатып алған. Бұл туралы британдық The Telegraph газеті заңды құжаттарға сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

Басылымның хабарлауынша, Әлия Назарбаева Лондонның Жоғарғы сотына екі қаржы кеңесшісіне қарсы көп миллиондық қарызды өндіру туралы арыз-шағым берген. Оларды сатқындық, қаражатты заңсыз иемдену, алаяқтық жасау үшін қастандық ұйымдастыру бойынша кінәлаған. Қазір екі жақ келісімге келді. Алайда осы оқиғадан кейін Назарбаеваның елден алып кеткен миллиондаған долларлары туралы дерек шықты.

Кеңесшілері оған Қазақстанда активтерін ұстап тұру қауіпті екенін ескерткен соң, елден 312 миллион доллар жеке қаражатын шығарған. Бұдан басқа, 2006 жылы Назарбаева Қазақстанның бірнеше компанияларының акцияларынан шамамен 325 миллион доллар табыс тапты. Қаржы кеңесшілері оған қаржыны оффшорлар арқылы Лихтенштейн мен Виргин аралдарына аударуды ұсынады. Назарбаева швейцариялық жекеменшік «CBH Bank» банкінің 51 пайыздық акциясын алу үшін 108 миллион доллар инвестиция құйған.

Ол Лондоннан 11,9 млн доллорға үй сатып алды. Ал, Challenger Bombardier жеке ұшағын 25 миллион долларға, Дубайдағы вилланы 14 миллион долларға сатып алған.

The Telegraph атап өткендей, Әлия Назарбаеваның заңсыз баюы туралы деректер жоқ, дегенмен «оның елден алып шыққан ақшасы туралы және іскерлік операцияларды қалай жүргізгені туралы» сарапшыларды алаңдатар сұрақтар бар.

Abai.kz

5 пікір