Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2261 0 пікір 11 Қыркүйек, 2012 сағат 10:13

Кремльді сынаушы депутат мандатынан айырылуы мүмкін

Ресейдің тергеу комитеті "мемлекеттік дума депутаты Геннадий Гудковтың депутаттық қызметте жүріп бизнеспен айналысқанын дәлелдейтін айғақтар бар" деп мәлімдеді. Ресей заңы бойынша мемлекеттік қызметте жүріп бизнеспен айналысу - заңға қайшы.

Бірақ депутаттың өзі мұны жоққа шығарып отыр. "Справедливая Россия" фракциясының депутаты Гудков құқық қорғау органдары өзін саяси көзқарасы үшін қудалап отыр деп санайды. Себебі ол біраздан бері оппозиция ұйымдастырған акцияларға қатысып келеді. Гудков 15 қыркүйекте Мәскеуде жаңа наразылық акцияларын өткізуді жоспарлап отыр.

Ал парламенттік комиссия 14 қыркүйекте болатын отырыста Геннадий Гудковты депутаттық мандатынан айыру мәселесін қарастыруды ұсынды.

"Единая Россия" фракциясының жетекшісі Андрей Воробьев өз фракциясы Гудковты мандатынан айыруды қолдайтынын айтады. Бұл фракцияға мемлекеттік думадағы депутаттардың көпшілігі мүше.

Дереккөз: azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434