Жұма, 6 Қараша 2026
Жаңалықтар 260 0 пікір 5 Қараша, 2026 сағат 16:43

Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

Сурет: e-history.kz сайтынан алынды.

Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді.

Қазақстан ұсынған екі номинация ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді. Бұл шешім 2026 жылғы 5 қарашада Джакартада өткен бағдарламаның Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының (MOWCAP) отырысында қабылданды.

Тізілімге «Есік жазуы: Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдары жинағы» енді.

Қос мұра тізілімге енгізілу арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының халықаралық деңгейде мойындалғанын айғақтайды. Өз кезегінде бұл еліміздің мұрасын шетелде кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір