Сәкен Алдашбаев. Енді етегімізді жапқанымыз дұрыс
Мәдениет және ақпарат министрінің назарына.
Теледидар бүгiнгi күннiң көзi, құлағы һәм тiлi, қоғамның тәрбиешісісі ғана емес, жарнаманың да ордасына айналып кеткені қашшан. Дұрыс бәсекелестiк пен қолжетiмдiлiкке не жетсiн, әрi сол халыққа қызмет етiп отырған телеарналарға негізгі қаржы көзi сол.
Дегенмен солай екен деп жарнамаларды оңды-солды талғамсыз беруден әбессiздiкке бой алдыратын болып алдық. Мақұл, кешегi өтпелi кезеңдерде қолдағы тауарды қалай болса да өткiзу үшiн жарнаманың небiр түрiн көрсетiп бақты. Бiрақ, ендi есiмiздi жинаған кезде етегiмiздi жапқанымыз дұрыс емес пе?
Олай дейтiнiм өздерiңiз де бiлетiн шығарсыздар, қайбiр жылдары әйелдердiң опа-далабы, киім - кешегі, тіпті төстартқышына дейін жарнамаланды. Сондағы масқараны айтсаңшы. Тiзiлген әйелдер келiп әлгiнi қолына алып жатады да артынан оны киiп тұрғандарын дәл алдыңа әкелiп көрсетедi.
Мәдениет және ақпарат министрінің назарына.
Теледидар бүгiнгi күннiң көзi, құлағы һәм тiлi, қоғамның тәрбиешісісі ғана емес, жарнаманың да ордасына айналып кеткені қашшан. Дұрыс бәсекелестiк пен қолжетiмдiлiкке не жетсiн, әрi сол халыққа қызмет етiп отырған телеарналарға негізгі қаржы көзi сол.
Дегенмен солай екен деп жарнамаларды оңды-солды талғамсыз беруден әбессiздiкке бой алдыратын болып алдық. Мақұл, кешегi өтпелi кезеңдерде қолдағы тауарды қалай болса да өткiзу үшiн жарнаманың небiр түрiн көрсетiп бақты. Бiрақ, ендi есiмiздi жинаған кезде етегiмiздi жапқанымыз дұрыс емес пе?
Олай дейтiнiм өздерiңiз де бiлетiн шығарсыздар, қайбiр жылдары әйелдердiң опа-далабы, киім - кешегі, тіпті төстартқышына дейін жарнамаланды. Сондағы масқараны айтсаңшы. Тiзiлген әйелдер келiп әлгiнi қолына алып жатады да артынан оны киiп тұрғандарын дәл алдыңа әкелiп көрсетедi.
Сол сияқты бiр жарнамада үлкен мекемеде отырған басшы хатшысына шай алдырады. Яғни, жарнамаланып жатқан шайды iшiп, кереметiн көрсетiп бағу керек. Хатшы сценарий бойынша етегi бiр-ақ қарыс көйлек киiп, басшысының алдына бiр кесе шай алып келедi. Басшы болса шайға емес, «ақ сазандай жылтылдауын-ай» дегендей хатшының санынан көз алмай қарайды. Камера да әлгі бикештің жалтылдаған санын бажырайтып тұрып көрсеткенін қайтерсің (тіпті ашынғаннан ұялмай айтатын болық-ау). Ал, әлгі қыз оған қымсынбастан шайын бередi де, бөксесін бұраңдатып шығып кетедi. Камера тағы да оны артынан түсіріп тұрады (кешіріңіздер). Бұл не деген масқара, санның жарнамасы ма, әлде шайдың жарнамасы ма дедік? Ана жiгiттiң әйелi, ана қыздың әке-шешесi қайда қарап отыр? Оларға ақша жақын шығар, онда ұлтты ойлайтын телеарна басшыларына не болған? Тәрбиенiң тал бесiгi болып отырған маңдайалды бiрер телеарнамыздың жасап жатқаны мынау, қалғандары не iстемейдi дедiк сол кезде күйiнiп. Шай айналымға түссе керек, ол жарнамадан құтылғандай болғанбыз. Бiрақ дәл бүгiнде қыз бен келiннiң, әйел затының қолданатын олбэис, тампон секiлдi проклаткiлерi масқарамызды шығарып келедi. Оны түнгi мезгiлде, не құпиялау етiп берсе бiр сәрi. Жанұямызбен бiрге ас ішіп отырғанда кинолардың арасынан қайта-қайта жылтылдатып шығаруын қояр емес. Ең сорақысы оның қай жерде тұратынын жақындатып көрсететінін қайтесің. Иә, көрмей қалады деп ойлай ма, бiр емес бес-алты қызды былай-балай жүргізіп, алды мен артынан қайта-қайта, тiптi оның қай жерде тұратынына дейiн бұлтитып көрсеткенде келiн мен қызыңның көзiнше жерге кiрiп кете жаздайсың. Ол жылт ете қалғанда телеарнаны ауыстыра беруге де ұялады екенсің. Бір түріндегі жарнамасы бітсе, басқа қырынан шығарады. Мұнысы қалай, әлі ел түсінбей жатыр дей ме екен? Олай ойласаңдар қатты қателесесіңдер. Себебі, ана бәлелеріңнің жарнамасын өзгерткен бойда үйдегі кішкентайлар: «О, проклаткiнің басқа жарнамасы шығыпты!», - деп жамыраса қалады.
Міне, бүгiнгi жас ұрпақ осылайша әйелдердің құпия заттарын көрсете беруге, көре беруге болады екен ғой деген тәрбиемен өсуде.
Артық айтсам, кешiрерсiздер, бұт жарнамасы бiздiң елде соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналып отырғаны жаныма батады. Осыған бiр тыйым неге жасалмайды? Арақтың жарнамасын тыйғаннан қиын болып тұр ма?
Жалпы хадисте «бiр әйел түзге шықса, он кiсiнi күнәқар етедi және өзi он кiсiнiң күнәсiндай күнә арқалайды» демей ме? Неге? Өйткені әйел денесіне адам көзі түсіп, жаман ой қылаң ете қалуы мүмкін. Ал, пайғамбарымыз әйел киiмiнiң денесiне жабысып тұруына және оған қарауға қатты тыйым салған. Мұның үлкен күнә екенiн ескерткен. Алайда, телеарналардағы талғамсыздықтың салдарынан ер азаматтар көз алдындағы шарайнадан қыздардың харам етiлген жерiне амалсыз қарап қалу арқылы тозақ отына дайындалып жатыр емес пе?.. Сол жарнамаға түскендер мен түсiргендер ше? Бiр Алла бiледi, дегенмен сол жарнамалар қанша адамды күнәқар етiп жатыр. Ал, оған «тәйт» дейтiн бiр адам табылмағаны қалай. Бұл барлығымыз үшін күнә емес пе? Осы пікірімді бір отырыста айта қалып едім, бір ақсақалдар «ойбай, олай деме, Пайғамбардың айтқаны деп сөз бастама, бахбис дейді» деп шоршып түсті. «Ау, сонда келінің мен қызыңның ана жеріне қарағаның күнә дегенің үшін Құдай атқан бахабис болып шыға келеміз бе, не боп кетті өзі?», - деп ақсақалдарға сауал тастадым. Сәл үнсіздіктен соң: «Қайтесің, көрсете берсін», - деді біреуі. Мейлі, кім не десе о десін, әйтеуір сол жарнамалар мен үшін өте қисынсыз дүние.
Телеарналардағы азаматтарға естерiңдi жиыңдар, адал арларыңды харам жарнаманың бес тиынына сатпаңдар, егер ұрпақтарыңның тәрбиесiн ойласаңдар. Адами арды қорлап отырған осындай ұятсыз жарнамаларды телеарналарымыздан алып тастаңдар деймiз. Бұл - күбежектеп пікірін ішке бүкесе де халықтың талабы. Мұның орнына басқа керекті жарнамалар көрсетіңіздер. Мәселен, Сыр өңіріне қауын кұрты түскелі 3-4 жыл болды. Сол қауын құртынан қауынды қалай, немен, қандай дәрімен қорғау керектігін ауылдағы ағайындар толық біле алмай жүр. Соған орай қауынды қауын шыбынынан қорғайытын дәріні, сол сияқты мал ауруларының дәрілерін жарнамаласаңыздар нұр үстіне нұр болар еді.
«Абай-ақпарат»