Жұма, 15 Мамыр 2026
4199 1 пікір 2 Ақпан, 2022 сағат 13:53

«Дикий Арман» жоғалып кетіпті

«Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті адвокаттары Алматыдағы тергеу изоляторынан шығарып алған. Алайда, оның қазір қайда екені беймәлім.

Адвокат Талғат Есімов оны 2 ақпан түні тергеу изоляторынан алып шыққан. Бұл туралы құқық қорғаушы өзінің әлеуметтік желісінде айтты.

– Арман Жұмагелдиевке екі рет бардық. Жауап алу кезінде ол тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді, – деді Талғат Есімов Facebook желісіндегі тікелей эфирде.

Кейбір құқық қорғаушылардың айтуынша «Дикий Арманды» ҰҚК ғимаратына апарған болуы мүмкін.

– Тергеу тобының мүшелері Жұмагелдиевтің куәлік беруге дайын екенін білді. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін куәлік беретінін айтты. Бас прокурор бұл не деген бассыздық, – деді адвокат Виктор Кривоносов.

Құқық қорғаушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрауда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2773
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1885