Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2436 0 пікір 2 Ақпан, 2022 сағат 17:28

«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы

Қазақстанда қазіргі уақытта цифрлық дамуды дамытуда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді.

Цифрлық дамудың негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық форматы болып табылады.

Бүгінде Қазақстада барлық қызметтері тегін жүзеге асырылуда.
Цифрландыру функционалында мемлекеттік қызметтерді алу қызмет алушыларға жыныс, нәсілі, ұлттың әлеуметтік лауазымдық жағдайының шығу тегіне қарамастан, мемлекеттік қызметті кез келген ыңғайлы жерден алуға, жұмыс уақытын үнемдеуге тең қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кезекте күту түріндегі уақытша шығындарды болдырмайды.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді kgd.gov.kz, «Салық төлеушінің кабинеті», «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы, сондай-ақ e-license.kz. сайтында.

Салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалған «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын(App Store және Play Market жүктеп алуға болады) қолданушылар үшін тиімді.
Құрметті оқырман қауым «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында келесі алынатын қызмет түрлері көрсетіледі:
- активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
- салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
салық берешегін тексеру;
- артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
- мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
- салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
- жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;
- жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;
- мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.
«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.
Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.

Набиев Асхат Толекович
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5368