Жаңаөзенде жұмыссыздық мәселесіне қатысты комиссия жұмысы басталды
Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық комиссия жұмысын бастады.
Бүгін, 8 ақпанда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді.
Комиссияның негізгі мақсаты-бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі жаққа да қолайлы оңтайлы шешімге келу.
Abai.kz