Сенбі, 23 Қараша 2024
1796 2 пікір 9 Ақпан, 2022 сағат 12:35

Бақыт Сұлтанов тағы бір лауазымға ие болды

Бақыт Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында айтылған. 

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 4 ақпандағы шешімі бойынша, Бақыт Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Бақыт Сұлтанов, Елена Бахмутова, Райымбек Баталов, Әсем Нұрғалиева, Рустам Жүрсінов, Тимур Жақсылықов, Әділ Мұхамеджанов, Гаухар Бөрібаева.

Бақыт Сұлтанов 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министр лауазымына тағайындалған Әлихан Смайыловтың орнына келді. Сондай-ақ Сұлтанов қаңтардан бастап премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392