Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Билік 2036 0 пікір 10 Ақпан, 2022 сағат 13:47

Бүгін ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барады

10-11 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады.

11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді.

Abai.kz

0 пікір