Сенбі, 23 Қараша 2024
2181 0 пікір 10 Ақпан, 2022 сағат 13:51

«Самұрық-Қазына» мәселеcі қаралып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Қаржы министрлігі «Самұрық-Қазына» қоры әзірлеген, сатып алудың жаңа тәртібін қарады. 

Тәртіпті қарау нәтижесі бойынша ашықтықты күшейту, біліктілік және тендерлік құжаттамалардың нысандарын белгілеу және талаптарын ашу, тәртіпті мемлекеттік сатып алу тәсілдерімен және рәсімдерімен үйлестіруге тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.

Сатып алудың барлық рәсімдерінің сипаттамасы Тәртіпте көрсетіліп, өзге құжаттарға сілтемесіз және сатып алуға қатысушыларға қолжетімді болуы тиіс.

Сонымен қатар, біліктілік комиссиясының өтінімдерді қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, бір көзден сатып алуды қысқартуға, холдингтің ішінде өткізілетін, яғни Қордың еншілес ұйымдарынан сатып алуларды жоюға ұсыныс берілді.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» Қаржы министрлігімен бірлесіп осы ескертулерді жою бойынша жұмыс жүргізуде, оның нәтижелері бойынша сатып алу тәртібі келісілетін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420