Жұма, 27 Қыркүйек 2024
46 - сөз 3220 12 пікір 10 Ақпан, 2022 сағат 16:10

Қазақтың үш тағаны түгенделер еді

Саакашвили билікке келген соң совет заманында "ворлар отаны" атанған Грузиядағы Кутаиси қаласына мынадай әдемі ғимарат тұрғызып Парламент үйін Кутаисиге көшіріп жіберген еді.

Кенжелеп артта қалған өңірге жан бітсін деген ниеті болса керек.
Грузия депутаттары 2012 жылдан 2019 жылға шейін Кутаисиде жұмыс істеді.
Бірақ кейін олар қайта Тбилисиге көшті.

Қазақстанда ең саяси өңір - Маңғыстау өңірі екендігі белгілі.
Ақтауға да осындай парламент ғимаратын салып біздің депутаттарды сол жаққа көшірер ма еді шіркін.
Бәрі Астанада топырлап не істейді?

Маңғыстау халқы олардан шынайы, халықшыл, тарпаң депутаттар тәрбиелеп шығарар еді.

Депутаттар жұлынып жұмыс істеген елде халық та бақуатты тұрады. Өз кезегінде Өзен мен Ақтау халқы біздің депутаттарға күшті допинг берер еді.
Астана - әкімшілік орталық, Алматы - бизнес, қаржы орталығы, Ақтауда заң шығарушы орган Парламент, халық қалаулыларының ордасы орналасса..
Ол арада күлтөбенің басы күнде жиын, "я халықтың мұң мұқтажын айтасыз, я Хазар теңізіне батасыз депутат мырза" болатын еді.

Бұл парламент Орта Азиядағы ең демократиялық парламент болар ма еді.
Осылай қазақтың үш тағаны түгенделіп қалушы еді...

Олжас Әбіл

Abai.kz

12 пікір