Жексенбі, 13 Қазан 2024
2068 5 пікір 11 Ақпан, 2022 сағат 15:46

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы тіркелді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Депутаттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

Заң жобасында мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары шығыстарының аталған адамдардың кірістеріне сәйкестігін бақылау енгізіледі әрі фискалдық және мансаптық санкциялар белгіленеді. Бұл ретте әрбір жағдайда адамға шығыстарының заңдылығын негіздеу мүмкіндігі берілетін болады. Аталған жаңалықтарды халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық ауқымды қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Түзетулердің екінші блогы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар мәжіліс бюросы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобын тіркеді.

Abai.kz

5 пікір