Жексенбі, 13 Қазан 2024
2856 5 пікір 11 Ақпан, 2022 сағат 16:14

Ерлан Бекхожин «Хабар» басшылығынан кетті

Ерлан Бекхожин басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті.

Төраға міндетін Ринат Кертаев атқарады. Ерлан Бекхожин бұл қызметті 2019 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

Ерлан Бекхожин 1963 жылы туған, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі. Осы жылдар ішінде Қазақ радиосының «Күн панорамасы» бағдарламасының жүргізушісі, комментатор, «Жеті күн» бағдарламасының авторы және жүргізушісі қызметтерін атқарды. Республикалық «Литер» және «Айқын» газеттерінің негізін қалаушы және шығарушысы (2003-2009) болды.

2009-2019 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры болды.

Abai.kz

5 пікір