ҚАЛҒАН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІҢ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛАДЫ
«Тассай», «Тараз», «Достық» және «Достық-2» елдiмекендерiне су магистральдары жүргiзiлмек. Ендi елдiмекен тұрғындары ауызсу тапшылығынан арылады. «Жайлау» мөлтекауданындағы 300 орындық, «Құрсай» елдiмекенiндегi 900 орындық, «Ворошиловка» елдiмекенiндегi 1200 орындық орта мектептерiне бөлiнген қаржының қайта қарастырылуының нәтижесiнде үнемделген қаражат бiрқатар әлеуметтiк мәселелердiң түйiнiн шешетiн болды. Бұл туралы бесiншi шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он бiрiншi сессиясында мәлiм етiлдi. Сонымен қатар, бұл қаражат Арғынбеков көшесiнiң бойындағы үйлердi абаттандыруға жұмсалады.
Жалпы, қаланың биылғы кiрiс бюджетi бүгiнде 823 миллион теңгеге ұлғайып отыр. Кейбiр бағдарламалар бойынша бұл қаржы есептiк мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдерге, бiлiм беруге, сумен, газбен, жылумен, электр энергиясымен қамтамасыз етуге, құрылысқа және өзге де шығындарға бағытталмақ.
Депутаттар басқосуында күн тәртiбiндегi үш мәселе қаралып, бекiтiлдi. Сессия отырысына қала әкiмi Қайрат Молдасеитов және қала активi қатысты.
Алғашқы сөз кезегiн алған қала әкiмiнiң орынбасары Гүлжан Құрманбекова 2012-2014 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде халық қалаулыларының алдында баяндама жасады.

Мәлiм болғанындай, республикалық бюджеттен бiлiм беру нысандарының құрылысына бөлiнген нысаналы трансферттердiң 166 024 мың, облыстық бюджеттен бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттерiнiң 1 277 000 теңгесi қысқартылды. Соның есебiнен бюджеттегi қаржының даму трансферттерi 300 мың теңгеге ұлғайтылды. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiнiң сұраныстарына сәйкес, қаражаттар бiр бюджеттiк бағдарламадан екiншi бiр мақсатқа ауыстырылуда
Жиын барысында Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң дербес құрамына өзгерiс енгiзу туралы қала әкiмiнiң аппарат басшысы Берiк Дүйсенов мәлiмдедi. Дербес құрамға қала әкiмiнiң бұрынғы орынбасары Садық Кенжебаевтың орнына Бақытжан Әшiрбековтi енгiзу туралы ұсынысқа депутаттар бiрауыздан келiстi.
Күн тәртiбiне сондай-ақ, Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 шiлдедегi «Шымкент қаласы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiн бекiту туралы» №9/70-5с шешiмiн жою мәселесi қойылды. Сессия барысында сөз болған үш мәселеге де халық қалаулылары бiрауыздан қолдау көрсеттi.