Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Билік 2077 0 пікір 14 Ақпан, 2022 сағат 14:48

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Берік Уәли "Қазақстан" РТРК Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы корпорация сайтындағы хабарламада айтылды.

Берік Уәли еңбек жолын "Таң" телекомпаниясының ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастады, "НТК" телеарнасының шығарушы редакторы, 31-арнада жауапты және бас редактор, "Хабар" агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редактор-жүргізушісі, Qazaqstan телеарнасының "1-студия" ток-шоуының жүргізушісі, "Нұр Медиа"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді.Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған, "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, "Нұр Медиа" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, Министрдің кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Abai.kz

0 пікір