Сенбі, 23 Қараша 2024
1959 0 пікір 15 Ақпан, 2022 сағат 15:10

16 ақпан - Украинаның Бірігу күні деп жариялады

Украина президенті Владимир Зеленский өлке азаматтарына үндеу жасап, 16ақпанда Бірігу күні деп жариялады. 

"Тиісті жарлыққа қол қойдым. Бұл күні ұлттық туымызды іліп, мойнымызға көк-сары түсті галстук тағып, бүкіл әлемге бірлігімізді көрсетеміз", - деді Зеленский.

Осыған дейін бірқатар БАҚ, оның ішінде Spiegel басылымы 16 ақпанда Ресей Украинаға шабуыл жасауы мүмкін деп болжаған.

"Біз қарсы тұра аламыз. Біздің мықты армиямыз бар, мықты соғыс тәжірибеге ие жауынгерлеріміз және заманауи қару-жарақтарымыз бар. Қазіргі армия сегіз жыл бұрынғы армиядан әлде-қайда күшті", - деген Зеленский Украина Донбасс пен Қырымды дипломатиялық жолмен ғана қайтарып алатынын жеткізді.

АҚШ және басқа да бірқатар елдердің ресми өкілдері Ресейдің Украинаға бір апта ішінде шабуыл жасау мүмкіндігі жоғары екенін айтқан. Сонымен бірге олар Ресей осындай қадамға барады дегенге әлі толық сенбейтінін де жеткізген. Батыс өлкелерінің лидерлері ахуалды дипломатиялық жолмен жөнге салу мүмкін екенін айтып жатыр.

Ресей болса Украинаға шабуыл жасау пиғылы жоқ екенін айтып келеді. Дүйсенбі күні Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинмен кездесіп, қазір жалпы әскери жаттығулар өтіп жатқанын, бірақ олардың көбі жақында аяқталатынын айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527