Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
3363 11 пікір 15 Ақпан, 2022 сағат 19:49

Ресей Мемдумасы ЛХР мен ДХР-ды мойындады

Ресей Мемлекеттік Думасы Ресей президенті Владимир Путинге Украина шығысындағы ЛХР мен ДХР сепаратистік аймақтарын дербес мемлекет деп мойындауға қатысты құжатты жіберді.  Бір күн бұрын енгізілген «Единая Россия» нұсқасын емес, коммунистік партияның қатаң жобасын таңдап, өзін-өзі жариялаған Украинадан азатпыз деп жариялаған ДХР мен ЛХР-ны Ресей Думасын дауыс беру барысында мойындады.

Екі нұсқа да бір сағаттан астам талқыланды. ДХР мен ЛХР тану туралы екі петиция жобасы рейтингтік дауысқа салынды. Күтпеген жерден коммунистік жобаны жақтаушылар саны көбірек болды. Коммунистік партия жобасын 351, ал екінші жобаны 310 адам қолдады.

Осылайша сепаратистік ЛХР мен ДХР аймақтарын мойындау парламент деңгейінде іске асты. Заң жобасы ендігі таңда Ресей президентіне жолданды.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1574
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3185
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1177
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090