Құлыбаев пен Боранбаев тергеуге шақырылды
Молдава прокуратурасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен құдасы Қайрат Боранбаевты бопсалау бойынша айыптап, жауап алу үшін шақырған. Бұл туралы Михаил Козачковтың Telegram арнасы жазды.
Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жариялаған құжатқа сәйкес, Құлыбаев пен Боранбаев Молдавада Конституциясының 189-бап, 6-бөлімі бойынша айыпталуда.
Молдова заңнамасы бойынша, 189-бап, 6-бөлімінде «аса iрi мөлшерде бопсалау бойынша – 13 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатыны» жазылған.
«Қазақстан Республикасының азаматы Құлыбаев Тимур Асқарұлы № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы, 6-бойынша (бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 07.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті», - делінген құжатта.
Дәл осындай шақырту Қайрат Боранбаевтың атына да жіберілген. Онда да:
«Қазақстан Республикасының азаматы Боранбаев Қайрат № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 6-бойынша(бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 03.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті», - делінген құжатта.
Айта кетейік, Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең ауқатты елу адамның рейтингісінде алғашқы орындарда тұрған адамдар.
«Forbes Қазақстанның» 2021 жылғы «Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері» дейтін рейтингінде Тимур Құлыбаев алғашқы бестікке кірсе, Қайрат Боранбаев 14 сатыға жайғасқан. Құлыбаевтың жиған-тергені – 2,9 миллиард доллар деп көрсетілсе, Боранбаевтың дәулеті – 590 млн доллардан асып жығылған.
Ал 2021жылғы рейтинг бойынша «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» тізімінде Тимур Құлыбаев көш бастап тұрса, Қайрат Боранбаев алғашқы бестікті түйіндейді.
Айта кетейік, жыл басындағы қаңтар көтерілісінен кейін, Тимур Құлыбаев мемлекеттегі бірқатар ірі лауазымдарынан босатылған еді.
Abai.kz