Жексенбі, 13 Қазан 2024
1923 5 пікір 17 Ақпан, 2022 сағат 14:42

Терроризммен күреске 4 жылда 270 млрд теңге бөлінген

Азаматтар діни сауаттылығын арттыру үшін әлеуметтік желілерді қолданады. Дінге қызығушылық білдіргендердің 73%-ы ақпаратты интернеттен алады.  Сенат депутат Сұлтан Дүйсенбинов осылай дейді. Бұл туралы  Azattyq Rуhy-на сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

«Деструктивті діни ағымдардың мақсаты бір. Халифатта өмір сүру. Мемлекеттің заңын, құрылымын, мәдениет, салт-дәстүрін мойындамау. ҰҚК антитеррористік орталық штабы бастығының бірінші орынбасары Сергей Швейкин елімізде деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың саны 20 мыңнан асатынын мәлімдеген болатын. Осы тұста бұлардың саны неге көбейіп жатыр деген сұрақ туындайды. Кейбір деректерге сүйенсек, экстремизммен, терроризммен күреске 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға 270 млрд теңге бөлінген. Алайда оның 4 пайызы ғана оңалту шараларына жұмсалған», - дейді депутат.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама өз нәтижесін берген жоқ. Оған бір ғана себеп, «Қайғылы қаңтар оқиғасы».

Abai.kz

5 пікір