Сенбі, 23 Қараша 2024
2843 3 пікір 18 Ақпан, 2022 сағат 10:35

Жазушы Табыл Құлыяс дүниеден өтті

Жазушы, сатирик, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Табыл Құлыяс дүниеден өтті.

Табыл Құлыяс - 1935 жылы 15 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Қаракөл» кеңшарында туған. 1978 жылы ҚазМҰУ-ды бітірген. 1950 жылдан бастап республикалық «Пионер» журналы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде мақала, өлеңдері шығып тұрды. 1957 жылдан Ойыл аудандық «Еңбек туы», «Жаршы» газеттерінде аймақтық, республикалық басылымдар да очерктері жариялана бастады. «Көкшетау правдасы», Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет істеген. 1970 жылы республикалық теле-радионың Торғай, Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі, қазақ телевидениесінің насихат редакциясында редактор қызметін атқара жүріп, «Жебе» сатиралық журналын шығарды. Тұңғыш сатиралық кітабы «Кесілген бұрым» 1977 жылы жарық көрді. «Сауда сақал сипағанша», «Қоңыраулы күлкі-грамма », « Жалмауыз », « Құйын », «Ақмылтық» (екі том), «Жегі» сатиралық кітаптары, «Шемен шер», «Дүние дәурен», «Ізет» сияқты очерктері, Жиенғали Тілепбергенов туралы «Аңыз ізімен» романы шықты . ЛКЖО-ның Құрмет грамотасымен, «Тың игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Б. Қыдырбекүлы атындағы сыйлықтыңлауреаты, Ойыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450