Сенбі, 23 Қараша 2024
2127 11 пікір 19 Ақпан, 2022 сағат 17:42

"Өзін-өзі тану" енді міндетті пән емес

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева енгізген "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті бағдарламалар тізімінен алып тастады. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл қыркүйек айынан бастап мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Егер мектептер "Өзін-өзі тану" пәнін факультативті сабақ ретінде таңдаса, онда бұрынғыдай 11жыл қатарынан емес, бір оқу жылында ғана оқытылатын болады.

Бұл пән мектеп бағдарламаларында 2009 жылдан бері пайда болды. Оның бастамашысы бұрынғы президенттің әйелі Сара Назарбаева болатын. Оның мақсаты – өзінің білімі мен білігін дамыта алатын рухани, толыққанды адам қалыптастыру делінген.

Елбасы мәртебесіне ие Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы биліктен кеткенімен, Қауіпсіздік кеңесі арқылы мемлекеттік басқару тетігін өзінде қалдырған.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің тізгінін өзіне алды.

28 қаңтардан бастап биліктің "Нұр Отан" партиясын да Қасым-Жомарт Тоқаев өзі басқаратын болды. Саяси партия кеңесіне Назарбаевтың қызы Дариға кірмеді. Сонымен бірге елдегі барлық жоғары лауазымды қызметтерден Назарбаевтың туыстары кетті.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435