Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2879 0 пікір 14 Қыркүйек, 2012 сағат 10:59

«Самұрық-Қазына» АҚ күрделі іркілістерін болдырмауға электрондық жүйесін енгізеді

Тәжірибелік пайдалану кезінде ықтимал қателер анықталатын болады, ал ол толыққанды өнеркәсіптік пайдалануға көшу кезінде жүйенің күрделі іркілістерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Қордың құрылымына кіретін компаниялардың электрондық сатып алуының ақпараттық жүйесінің тұсауын кесті және баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алуды тәжірибелік пайдалануға қосты.

Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі (ЭСАЖ) Қор компаниялары тобына кіретін ұйымдардың электрондық сатып алуын  жүзеге асыратын бірыңғай орталық болып табылады. Осы жерде тапсырыс берушілер, өнім берушілер туралы барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы барлық қажетті ақпарат шоғырландырылатын болады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Аппарат басшысы Ұлан Тәжібаев атап көрсеткендей, «ЭСАЖ енгізу тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бағаны және әкімшілік шығындарды едәуір төмендетуге, өнім берушілермен өзара қарым-қатынастардың ашықтығын ұлғайтуға, сатып алуға бақылау орнатуға, және ең бастысы сатып алу операцияларын жүзеге асыру кезінде «адам факторының» әсері деңгейін азайтуға мүмкіндік береді».

ЭСАЖ енгізілгеннен кейін тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы мәліметтердің барынша ашық болатындығын атап айту керек, Қордың басқа ұйымдарының электрондық сатып алуындағы бытыраңқы жүйелерден хабарландырулар іздеу қажет болмай қалады. ЭСАЖ есептілік пен талдаудың да оңтайлы құралы болып табылатындығы маңызды.

Ақпаратқа еркін қол жеткізу бюджет қаражатын оңтайландырып қана қоймай, сонымен бірге бюджет шығыстарын болжау сапасында арттырады.

Қазіргі кезде жүйе пилоттық режимде жұмыс істейді, алайда қазірдің өзінде кез келген мүдделі әлеуетті өнім беруші бастапқы тіркелуден өтіп, баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алуға қатысу үшін өтініш бере алады.

Осындай «бақылаулық» іске қосу осыған ұқсас жүйелерді енгізудің әлемдік озық практикасына сәйкес келеді. Тәжірибелік пайдалану кезінде ықтимал қателер анықталатын болады, ал ол толыққанды өнеркәсіптік пайдалануға көшу кезінде жүйенің күрделі іркілістерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Әзірше баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алу компаниялардың шектеулі санымен іске қосылатын болады, оған «Самұрық-Қазына» АҚ, «Казақстантемір жолы» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС орталық аппараттары кіреді.

Баға ұсыныстарын сұрату, төмендетуге арналған сауда-саттықпен баға ұсыныстарын сұрату, тендер, төмендетуге арналған сауда-саттықпен тендер тәсілімен сатып алуды қоса алғанда, ЭСАЖ-дың бүкіл жүйесі 2012 жылғы 4-тоқсанда тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады.

Жүйемен жұмыс істеуді бүгін бастауға болады. Ол интернеттегі http://tender.sk.kz мекенжай бойынша қол жетімді болады.

2013 жылдың басында жүйе толық жұмыс істей бастайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434