Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4401 14 пікір 21 Ақпан, 2022 сағат 14:00

Ресей агрессиясы: Донбасста не болып жатыр?

20 ақпан күні Ресей мен Беларусь елінің бірлескен әскери жаттығуы аяқталуы тиіс еді. Алайда Украина шығысындағы жағдайдың қатты ушығуына байланысты, жаттығу жалғасын табатын болды. Бұл туралы Беларусь қорғаныс министрлігі хабарлады. Аталмыш ақпарат Украинаға Ресейдің басып кіруі мүмкін деген жорамалды қуаттай түсті. Сонымен Донбасста не болып жатыр? 

«16 ақпан күні Ресей әскері Украинаға басып кіруі мүмкін» деген болжамдар айтылған еді. Киев ресми түрде ол күнді «Бірігу күні» ретінде атап өтті. Алайда дәл сол күні ешқандай басып кіру болған жоқ. Батыс тарапы Ресейдің шабуылға шығу күнін өз барлаушыларының ақпаратына сүйеніп таратты. Бұл Ресейдің «маневр» жасау қимылдарын азайтып, әлемдік БАҚ алдында ақпараттық қысымға ұшырауын жеделдетті.

18 ақпанда Ресейге бағынышты Донбасс бүлікшілері жедел арада халықты эвакуациялай бастады. Олар «Украина шабуылға шығады» деп мәлімдеп, әйелдер мен балаларды, егде жастағы қарияларды Ресей аумағына уақытша қоныстандыру керек деп тапты. Осылайша Луганск және Донецк бүлікшілері 700 мыңға жуық адамды Ресей аумағына шығару ниеті барын айтты. Қазірдің өзінде Ресейге кірген адамның саны 53 мыңды құрайды. Осы арқылы бүлікшілер «халықты әкетуге мәжбүр болдық, Киев шабуылға шықпақ» деген ақпараттық шабуылды жасағысы келгендей. Алайда ол тәсілдері Ресей халқын ғана сендірген сыңайлы, ал өзге әлем бұл тәсілді керісінше «Ресей басып кіру үшін Донбасстағы адам шығынын азайту мақсатында тазартып жатыр» деп айыптады. Сондықтан бұл тұста да Ресей ақпараттық тұрғыдан әлем алдында ұтылды.

Украина: Россия ведёт «активный набор наёмников» для отправки в Донбасс

Бүлікшілер «Украина "Минск келісімін» өрескел бұзып, артиллериялық соққы жасауда» дегенді айтуда. Бейбіт тұрғындар мен балалар қаза тапты дейді, алайда қандай да бір нақты дәлел келтірмеді. Сәйкесінше Украинаның Ішкі істер министрі, депутаттар өкілі мен халықаралық журналистер Донбасс шебіне барған сәтте, содырлардың шабуылына ұшырап, артиллериялық соққы астында қалды. Ол сәтті халықаралық журналистер түсіріп алып, әлемдік БАҚ-қа жариялады. Артынша содырлар атқылаған балабақшалар мен мектептердің де нақты бейнелері көрсетілді. Осылайша Ресейдің жақтауымен күн кешіп келе жатқан бүлікшілер тағы да ақпараттық майданда жеңіліс тапты.

19 ақпанда президент Зеленский Мюнхендегі қауіпсіздік мәселесі бойынша конференцияға қатысты. Ол бұл жолы нақты талаптар қойды. Қаржылай көмекті еш бастапқы шартсыз беру, Ресейге санкцияны қазірден бастап салу және Украинаға арналған арнайы Ленд-Лиз заңының болуы, тіпті «Будапешт келісімінен» шығу туралы да айтты.

20 ақпан күні Путин мен Макрон өзара телефон арқылы сөйлесті. Олар алдағы таңда Еуропадағы қауіпсіздік мәселесі бойынша үлкен жиын өткізу қажеттігін бірлесе мақұлдасты. Сонымен қатар Путин мен Байден келіссөздері де өтуі мүмкін.

Власти Донецка начали развешивать на балконах жилых домов флаги ДНР

Дегенмен Ресей билігінің сөзі мен ісі әдеттегідей бір жерден шықпай тұр. Ресей шекара маңынан әскерін әкеттім десе де, керісінше Украина барлаушылары әскер санының артқанын айтуда. Оның үстіне соққы жасаушы бөлімшелер әскери техникалармен толығу үстінде. Қазірдің өзінде Украина төрт қапталдан шабуылға ұшырауы мүмкін. Батысында Ресей қолдауындағы Приднестровье, шығысында Ресей және Донбасс содырлары, оңтүстігінде Қырымдағы Ресей әскері мен Қара Теңіздегі Ресей флоты, ал солтүстігінде Беларусь жеріндегі Ресей әскері тұр. Сонымен қатар 21-26 ақпан аралығында Ресей Азов теңізінің әуе кеңістігін жапты, «ресми мәлімдеме» бойынша әскери жаттығу өтеді.

АҚШ сарапшылары Ресейдің әскери қуаты бойынша келесідей мәліметтерді келтіреді. Украинаға басып кіру мақсатында Ресей шекара маңында жеке құрамның 75 пайызын, 120 батальон, 35 әуе шабуылына қарсы батальон, 500 шабуылдаушы ұшақтар мен 50 ауыр бомбалаушы ұшақтар, 3 мыңнан астам танк пен БМП топтастырған. Сондай-ақ, Донбасс содырлары 18-55 жастағы ер азаматтарды әскери міндетті деп тауып, әскери бөлімшелерге шақыруда. Донецк және Луганск көшелерінде мәжбүрлі түрде жастарды автобустарға тиеп, әкетіп жатқан видеолар желіде жарияланып жатыр.

Концлагерь и суши с лососем | Ваши новости

Батыс агрессиялық саясат ұстанатын Ресейді барынша ақпараттық тұрғыдан әшкерелеп келеді. Енді Ресей шабуылға шығуы мүмкін күннің бірі ретінде, 23 ақпанды атаған сарапшылар да табылды. Олар Ресейдегі «Отан қорғаушылар күні» Мәскеу осындай қадамға баруы мүмкін дейді.

Ресейге салынатын санкциялар да әзірленді. Оған Беларусь елін де қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл ұзақмерзімді әрі 2014 жылы салынған санкциялардан ауыр болатыны айтылуда. Ол жоғары технологияларды иемдену, қаржылық сектор мен банкте қаржылық айналымдар жасау, энергетика және сауда саласын қамтиды. Жеке тұлғаларға салынатын санкциялар да әзірленуде, оның ішінде есепшоттарын бұғаттау мен елге кіргізбеу туралы ұсыныстар бар.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394