Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Билік 2054 7 пікір 21 Ақпан, 2022 сағат 15:09

Тоқаевтың швейцариялық банкте шоты жоқ

Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли БАҚ-та тараған "президенттің офшорлық компанияларға қатысы бар" деген ақпаратқа жауап берді. Бұл турады ол өзінің Фейсбук парақшасында жазды. 

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ.
Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған.

Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген.

Өздеріңіз білесіздер Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", - деді ол.

Abai.kz

7 пікір