Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 3221 15 пікір 22 Ақпан, 2022 сағат 12:26

Луганск-Донецк: Қазақстан не дейді?

Ресей билігі қос сепаратистік аймақты дербес ел деп мойындады.

Бұл шешімді өркениетті әлем елдері айыптап жатыр. Алайда оны қуаттап, мойындап отырған мемлекеттер де бар. Венесуэла, Сирия аталмыш шешімді оң қабылдағанын айтады. Ал мойындалмаған Абхазия мен Оңтүстік Осетия алғашқылардың бірі болып Путин шешімін қолдады. Ресей басшысы дұрыс жасады дегендердің ішінде Йемендегі «Ансар Алла» әскери тобы да бар. Оны кей елдер террорлық топ деп тапқанын айта кетелік. Осы ретте Қазақстанның шешімі қандай болмақ деген сұрақ туындайды.

Бұл сауалға Сыртқы істер министрі Мхтар Тілеуберді жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстан бейтарап ұстанымды қолдайды. «Ең біріншіден өздеріңіз түсінесіздер, қазір жағдай өте шиеленісіп жатыр. Кеше Путин ЛХР мен ДХР дербес ел деп мойындады. Жағдай күрделі. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы әлі де талқылануда. Біз халықаралық құқық негізінде, БҰҰ негізінде бейтараптық саясатын ұстанамыз», – деп жауап берді министр.

Ол Қазақстанның халықаралық қауымдастықты Украина мәселесін шешуде дипломатиялық әдіске жүгінуге шақырып отырғанын айтады. «Қазақстанның алдында ДХР және ЛХР республкаларын мойындау мәселесі тұрған жоқ. Ұстаным қабылдау үшін қауіпсіздік кеңесінің отырысы күтілуде» , – деді Мұхтар Тілеуберді.

Қазақстан Ресей отарлап алған Қырым, Приднестровье, Абхазия мен Оңтүстік Осетияны мойындаған емес. Луганск және Донецк сепаратистік аймағына қатысты ұстаным да дәл осы бағытта болуы тиіс дейді мамандар.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364