Сенбі, 23 Қараша 2024
1652 1 пікір 22 Ақпан, 2022 сағат 13:11

Ертең утильалым мөлшері жарияланады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі қашан жарияланатынын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.  

Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген Брекешев утильалым мөлшерлемесі төмендегеннен кейін көліктер арзандай ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бермеді.

"Мөлшерлеме мәселесіне келсек, ертең (23 ақпанда) автокөлік және ауылшаруашылық техникаларына тарифтер жарияланады. Ал аударылған ақша бойынша, ақпарат бәріне белгілі. "ӨКМ операторының" есепшоттарында, "ӨКМ операторының" ЕДБ шоттарында шамамен 220 миллиард теңге бар. Ол қаулы бойынша, "Жасыл Даму" АҚ-қа бірілген", - деді Серікқали Брекешев.

Ол ақшаның қанша бөлігі жеңілдетілген автонесиеге бөлінетінін айта алмады. 19 қаңтарда Үкімет "ӨКМ Операторы" ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364