Жұма, 22 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 6050 7 пікір 24 Ақпан, 2022 сағат 12:05

Ресей Украинаға басып кірді

Ресей Украина жеріне басып кірді. Путин арнайы үндеу жасап, Украина жерінде әскери операция өткізетінін мәлімдеді.

Бұл «әскери операция Украина халқына емес, Киевтегі «фашистік режимге» қарсы бағытталып отырғанын» айтқан Путин, «Украин әскері қаруын тастап, үйлеріне қайтса, ешкім тиіспейтінін» мәлімдеді.

Путиннің мәлімдемесінен кейін Ресей зымыран күштері Украинаға жаппай соққы жасауда. Харьков, Одесса, Киев, Мариуполь және өзге қалаларға зымыранмен соққы жасап, әскери нысандар мен қоймаларды, әуежайларды жоюда.

Ресей әскеріне Беларусь көмектесуде. Аталмыш соғыс жағдайына байланысты Зеленский мәлімдеме жасап, «Біз мықтымыз! Біз жеңеміз!» деді. Бүкіл Украина аумағында әскери жағдай жариялады.

Батыс тарапы бүгін Ресейге бұрын-соңды болмаған санкциялар салатынын және Украинаға әскери көмек беретінін айтты.

Қазақстан да өз кезегінде мәлімдеме жасап, Украинадағы дипломаттарды эвакуациялау жоспары бекітілгенін айтты. Соғыс қимылдарына байланысты рубль құлады, ал теңге долларға шаққанда 465 бағамды көрсетуде.

Украина Ресеймен дипломатиялық қатынасты үзді және барлық ер азаматтарға қару таратуға бұйырық берілді.

Украина аумағына Ресей Приднестровье бағытынан да шабуыл жасауда. Приднестровье бағытынан жиырмадан астам зымыранмен Украина жеріне соққы жасалған.

Украина билігі ресми түрде 40 сарбаздың қаза тапқанын мойындады.

Украина Қорғаныс министрлігі Ресей әскерінің ұшағы мен тікұшақтары құлатылғанын айтты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303