Жұма, 22 Қараша 2024
2418 0 пікір 25 Ақпан, 2022 сағат 12:20

АЭС құрылысына 5 млрд доллар кетуі мүмкін

Қазақстан энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Қасенов 23 ақпанда Азаттық сауалына осылай жауап берді.

Оның айтуынша, "қуаты 1000–1200 мегаватт болатын энергия блогының" құрылысына осынша қаражат жұмсалады. Қасенов шығынның нақты көлемі АЭС салушы анықталған соң мәлім болатынын айтты.

Қасеновтің мәлімдеуінше, атом электр станциясын салуы мүмкін алты компания қарастырылып жатыр: NuScale (АҚШ), GE-Hitachi (АҚШ — Жапония), KHNP (Корея), CNNC (Қытай), EDF (Франция) және "Росатом" (Ресей).

Іске қосылған АЭС құрылыс шығынын 20 жылда өтейді, деп болжайды энергетика министрлігі.

23 ақпандағы брифингте АЭС құрылысына ыңғайлы екі орын қарастырылып жатқаны айтылды. Олар: Балқаш пен Курчатов қалалары.

Қазақстанда атом электр станциясын салу-салмау мәселесі 90-жылдардан бері талқыланып жүр. 2019 жылғы сәуірде Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа атом электр станциясын салуға көмектесе алатынын айтты.

2021 жылғы желтоқсанда "Самұрық Қазына" ұлттық компаниясы "Росатоммен" келіссөз жүріп жатқанын растады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303