Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі болып тағайындалды
Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалды.
"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын.
Abai.kz