Әбубәкір Смайылов. Қаңғыған оқ
Батыр да жоқ, бүгінде ақын да жоқ
Аздық,тоздық сан ғасыр тақымда боп.
Енді елестей кезіп жүр қазақ елін
Қашан,қайдан белгісіз атылған ОҚ!
Қаңғыған ОҚ, кәдімгі қорғасын ОҚ
«Қанды 37-нің» жалғасы боп-
Тура келсе тұрады жолында кім
Құрбандықтың қашанда жолдасы жоқ!
Үйір болған балталы қалталыға
Қаңғыған ОҚ қасқырша жортады ма?
Алтынбекті осы ОҚ па алып кеткен
Кімді іздеп жүр жалаңдап ол тағы да?
Найза ұстамай, ер салмай жирен атқа
Ай-күн аман,тып-тыныш үйде жат та-
Бір күн мүмкін басыңның байлануы
Заманбекке (үш мәрте!!!) тиген ОҚқа.
Қаңғыған ОҚ қасқырша жортады ма,
Кімді іздеп жүр жалаңдап ол тағы да?..
«Abai.kz»
Батыр да жоқ, бүгінде ақын да жоқ
Аздық,тоздық сан ғасыр тақымда боп.
Енді елестей кезіп жүр қазақ елін
Қашан,қайдан белгісіз атылған ОҚ!
Қаңғыған ОҚ, кәдімгі қорғасын ОҚ
«Қанды 37-нің» жалғасы боп-
Тура келсе тұрады жолында кім
Құрбандықтың қашанда жолдасы жоқ!
Үйір болған балталы қалталыға
Қаңғыған ОҚ қасқырша жортады ма?
Алтынбекті осы ОҚ па алып кеткен
Кімді іздеп жүр жалаңдап ол тағы да?
Найза ұстамай, ер салмай жирен атқа
Ай-күн аман,тып-тыныш үйде жат та-
Бір күн мүмкін басыңның байлануы
Заманбекке (үш мәрте!!!) тиген ОҚқа.
Қаңғыған ОҚ қасқырша жортады ма,
Кімді іздеп жүр жалаңдап ол тағы да?..
«Abai.kz»