Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
3999 2 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 16:36

Украина Ресейді Гаага сотына берді

Украина Ресейге қарсы БҰҰ-ның Халықаралық сотына шағым түсірді.  

"Ресейді агрессияны ақтап алу үшін "геноцид" ұғымын бұрмалағаны үшін жауапкершілікке тартуды талап етемін. Соттан тез арада Ресейге әскери әрекетін тоқтатуға бұйрық беріп, келесі аптада тыңдауды бастауды сұраймын", – делінген Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесінде.

24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Украинаны "нацизмді жою үшін және қарусыздандыру үшін" Украинаға қарсы "арнайы әскери операция" бастағанын мәлімдеді. Осыдан кейін бірден Киев, Харьков, Одесса, Краматорск, Бердянск қалаларына зымыран ұшырылғаны хабарланды. Ресей әскері Украинаның бес облысын басып өтті.

Еуропалық комиссия басшысы ЕО елдеріне Ресейді SWIFT халықаралық банкаралық жүйеден өшіруді сұрады. АҚШ қолдады.

Зеленский кеңсесі 3500 ресейлік әскердің опат болғанын мәлімдеді. Елдің сыртқы істер министрлігі ресейліктер үшін жедел желі ашып, Украинада тұтқынға түскен және қайтыс болған орыс сарбаздарының тізімін жариялап жатыр. Ал Ресей болса, қайтыс болғандар жөнінде мәлімет бермей жатыр. Украина денсаулық сақтау министрлігі 198 бейбіт адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.

ЕО басшылығы бейсенбіден бері Украинадан 300 мың босқын келгенін жеткізді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1413
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1059
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993