Жұма, 22 Қараша 2024
Арылу 5266 77 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 11:32

Сиез: «Нұр Отан» - «Аманат» партиясы болды

Биліктегі айқын басымдыққа ие – «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXII сиезі басталды. Оған партия төрағасы һәм президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық жасауда. Сиез онлайн форматта өтуде. Бұл жолы партия жұмысын модернизациялау мәселесі қаралмақ.

Осыған дейін партия хатшысы Асхат Оралов сиезге 399 делегат қатысатынын мәлімдеген еді.

«Жыл басында ел болашағына қауіп төндірген ауыр күндерді бастан өткердік. Бірақ, бірлігімізді көрсетіп, еліміз бен Тәуелсіздігімізді сақтап қалдық. Сол күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты бірлікке шақырып, Жаңа Қазақстан құруға үндеуі ұлт тарихындағы тағы бір белеске жол ашты. Бұл орайда «Нұр Отан» партиясы көштің алдында, өзгерістердің басында тұруы тиіс», - дейді партия хатшысы Асхат Оралов.

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин партияның саяси кеңесінін шығарылды.

Мәжілістің спикері Ерлан Қошанов «Нұр Отан» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Ал президент Тоқаев бұл ұсынысты қабыл алды.

«Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күнтәртібіндегі негізгі мәселе - партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда партияның өзгеруі заңдылық. Бұл - уақыт талабы. Осыған орай жаңа ғана айтылғандай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды.

Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінен «Аманат» деген атауға тоқталдық. Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым.

Мемлекеттілік, дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады», - деді президент Тоқаев.

Abai.kz

77 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303