Ресейтілді қазақтардан қорқамын...
Еуропарламентте жанып тұрып сөйлеген Зеленскийге бүкіл Еуропа парламентінің толық мүшелері 10 минут бойы орындарынан тұрып, шапалақ соқты.
Украинаға Еуропа мен АҚШ-тан толассыз көмек келіп жатыр.
Қазақстан санкцияға ілінетін елдің қатарына кірді. Ескерту, Қазақстан билігі шұғыл әрекетке көшуі керек.Путин тығырыққа тіреліп, шығатын есік таппай отыр. Сондықтан ауыр қаруларды қолдануға көшті.
Қазақстанның көрінбейтін позициясын аңғарған Еуропа ескерту жасап отыр.
Қазақстан шұғыл түрде Ресеймен бір болған барлық одақтан шығуы керек. Егер шықпаса, онда Қазақстан Ресеймен бір деген сөз. Ресеймен бір боламыз деген Беларусь санкция астында қалды. Лукашенко қазір Путиннен қашып, елінің алдында ақтала алмай, сөзінен жаңылып кетті.
Қазақстанның Ресеймен бір одақтардан шығуы дәл қазіргі уақыттың талабы. Тарихтың талабы, халықтың талабы. Мұндай мүмкіндік 100-150 жылда да келмейді. Мен Ресейден емес, ресейтілді қазақтардан қорқамын.
Бекболат Қаржан
Abai.kz