Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5563 25 пікір 2 Наурыз, 2022 сағат 15:22

Ресейлік БАҚ: «Олар Ресейге қарсылар...»

Украинаға аранын ашқан орыс аюы келесі кезекте өздері «орыс тілді Орта Азия елі» санайтын Қазақстан екенін ашық білдіре бастады.

Оған бір дәлел: «Regnum.ru» сайтында шыққан мына бір мақала: «Руководство Казахстана взяло курс на «украинизацию». Мақала авторының пікіріне кезек берсек, бізде тіл патурлі мүшелері, Түркістан легионын жақтайтын ұлтшылдардан тұратын партиялар мен қозғалыстар «Қаңтар төңкерісін» жасап,  жұрт арасында орысқа қарсы көңіл-күй туғызуда екен-мыс.

«Қазақстандағы саяси көңіл-күйде Ресейден бойды аулақ салатын ақпараттық һәм саяси науқандар өрістетіп, ақыр-соңында десәбеттендіру (декоммунизация), деорыстандыру (дерусификация) өз соңына жетеді. Бұрын орысқа бүйрегі бұратын Қырымбек Көшербаевтың орнын басқан «Бозғұрт» ұйымын жақтайтын Ерлан Карин тізгінді алғандығы жақсылық емес.

Олар Дәурен Абаев сияқты «үңгірлік ұлтшылық» деп, бізге жалтақтамайды. Бәрін қалыпты десәбеттендіру (декоммунизация), деорыстандыру (дерусификация) үрдісінің көрінісі деп санайды. 1920-1930 жж. ашаршылықты басты орынға қойып, антиресейлік көзқарас тудырады», - дейді.

Тіпті, ұлтшыл шенеуініктердің шеруіне қазақтың бас мүфти де қосылып отыр екен. Наурызбай қажы Тағанұлының айыбы - қазақ және ОА жерінде болған 1916-1945 жж. әуелі ақ, кейін қызыл билікке қарсы шыққандарды ақтау керек деген сөзі. Бұл солтүстік көршімізге жақпайтыны автордың сөз саптасынан танылады. Ол 1916-1945 жж. Билікке қарсы бас көтергендерді – «басмаштар мен сатқындар», деп атайды.

«Қазіргі ел президенті қанша жерден ресейшіл бағдар ұстанса да, оның дегенін олигархтар ақшасымен лепірген ұлтшылдық бағыт-бағдар еш болдырмайды. Сондықтан президент Тоқаев тарихты Ресей көзімен бағамдап, бұндай лепірулерді үзілді-кесілді тыюы керек», - деп жазады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364