«Премьер-министр мен оның кабинетін тарату керек»
«Егер менде билік болса, бірінші кезекте премьер-министр мен оның кабинетін таратар едім. Қазақстан сияқты шағын елге премьер-министр лауазымы мен оның кабинетінің пайдасы жоқ. Әсіресе, еліміздің қазіргі әскери экономикалық жағдайында».
«РАКУРС» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов осындай пікірде екен.
Ол инфляцияның өсуіне байланысты жағдайға түсінік бере отырып, ақша-кредит саясаты қандай да бір шаралар қолдануы мүмкін екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл инфляцияның «көзін жоймайды», өйткені Қазақстан экономикасы дамымаған күйде қалды.
Жандосов: «Қазақстанның экономикасына ашық, дамымаған және өте кішкентай», - деп баға беріп, қордаланған мәселелерге ескі әкімшілік кінәлі екенін айтты.
«Бұл оның басты кінәсі ғана емес, қасіреті. Олардың орын ауыстыратын адам қалды ма, тіпті белгісіз. Олардың орнына ірілі-ұсақты компаниялардың технократтарынан басқа, ауыстыратын ешкім қалмаған сияқты. Себебі, қоғамдағы керек дегеннің бәрін жоқ қылды. Әсіресе, соңғы 15 жылда... Қазір саяси реформаларлар жасайтын уақыт емес»,- деп түйіндеді экономист.
Abai.kz