Жәкішев: Мені қайта түрмеге қамауы мүмкін
«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішев саяси партия құру туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Orda.kz сайты. Жәкішевтің сүхбаты «Гиперборей» YouTube арнасында жарияланған.
– Біріншіден, мен саясаткер емеспін. Мен ешқашан саясатпен айналаспадым. Менің ойымша, менен жақсы саясаткер шықпайды. Саяси күресте қу болу керек. Екіншіден, иә, көптеген адамға жаңалық болуы мүмкін, мен 2023 жылдың 21 мамырға дейін мен әлі (түрмеде – Ред.) отырмын. Мен әлі айыбымды өтеп отырмын. Менің өтеу уақытым әлі біткен жоқ. Сондықтан, Қазақстан Заңнамасына сәйкес, маған дауыс беру құқығы берілмейді. Мен сайлауға қатыса алмаймын.
Менен: «Партия неге ашпайсыз?» деп сұрайды. Партия ашу үшін жоба, пікірлес адамдар және бұның барлығы не үшін жасалып жатқанын білу қажет. Менде заңды құқық жоқ. Себебі, мен дауыс та бере алмаймын және сайлауға да қатыса алмаймын. 2023 жылдың мамырына дейін мен тұтқындамын, – деді Жәкішев.
Сонымен қатар, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы қандай жағдайда қайтадан түрмеге оралу мүмкін екенін айтты.
– Көшенің тыйым салған жерінен өтіп кетсем немесе темекі тұқылын лақтырсам, кез-келген құқық бұзушылық болса, мен мені босатқан жерге қайта ораламын. Бұл 2023 жылдың 21 мамырына дейін емес, мен түрмеде отырмаған 3 жыл 2 айға қайта қамаламын. Мысалы, 2023 жылдың 19 мамыр күні бір әкімшілік құқық бұзушылық жасасам – мен мені босатқан жерге 2026 жылға дейін отырамын.
Қазіргі таңда, менің мәртебем – жарымжан. Сондықтан, кез-келген азамат істей алатын менен қандай да бір іс-қимыл күткенде – менен бұны әрдайым ала алмайсындар. Өйткені, мен Заң бойынша, кейбір құқықтарымнан айырылдым. Ешқандай партиялық өмір туралы айта алмаймыз. Заң бойынша, бұл мүмкін емес, – деді Мұхтар Жәкішев.
«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысының айтуынша, ол өзінің «тұтқын» мәртебесіне аса көп мән бермей, саяси рефеормалар қажетілігін атап өтті.
– Мен бұл мәртебеге қарай бермеймін. Мені қайтадан қайтара алады, мен әр апта сайын белгілеп отырамын, сағат түнгі 10:00 кейін үйде болу керекпін. Бұл мені уайымдатпайды. Саяси реформа қажет. Бұл біреуге ұнай ма, ұнамай ма? Мен әрдайым нені ойлаймын – соны айтамын. Сол үшін отыру керек болды ма – отырдым, – деп түйіндеді Жәкішев.
Abai.kz