Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3625 6 пікір 3 Наурыз, 2022 сағат 18:09

Зеленский: Ресей өтемақы төлейді

Зеленский халқына жасаған кезекті үндеуінде Ресейге Украина жеріне, әр адамына тиген шығынды өтейсіңдер деді. 

"Ресейдің Украина қалаларына жасаған зымыран-бомбалық соққылары олардың біздің жерімізде басқа ештеңе жасай алмағанын көрсетеді. Қорғаныс шебіміз толығымен сақталды. Стратегиялық бағыттардың барлығында жау нәтижеге жете алмады. Олар басып-жаншылған", – деді Зеленский.

"Біз әр үйді, әр көшені, қаланы қалпына келтіреміз. Ресейге айтарымыз: репарация мен контрибуция сөздерін жаттаңыздар. Елімізге, әр украиналыққа қарсы жасағанның барлығын өтейсіңдер", – деді ол.

"Бізге қарсы, Украинаның еркін азаматына қарсы қолданбаған қаруларың қалмады. Енді өз арандатушыларыңа Украинаға гуманитарлық көмек көрсеткендеріңді айтып жатырсыңдар. Естеріңде болсын, миллиондаған адам қарғаған кезде, сендер құтыла алмайсыңдар", – деп қосты Украина президенті.

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3326
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6060