Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4381 2 пікір 5 Қазан, 2012 сағат 06:50

Құдияр Біләл. Жаратылыс мәні: Жаратушы - әруақ

«Алла бар, одан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі, әрі құлы» деп кәлима-шаһадат айтқан адамды біз мұсылман дейміз. Алайда сол мұсылманның, Пайғамбарымыз хадисінде айтылғанындай, 73 топқа бөлініп, соның тек біреуі ғана тура жол тауып, қалған 72-сінің тозаққа түсетіндігіне жете мән бере бермейміз. Болмаса сол 72 топтағылар да намаз оқып, ораза ұстап, зекетін беріп, қажылыққа барып бір Аллаға ғана сыйынып, құлшылық қылған кәнігі мұсылмандар. Оларды салафи, уахаби демей-ақ кәдімгі сіз бен біз сияқты мұсылмандар деп қабылдасақ, сонда оларда Аллаға жақпайтындай қандай кінәрат бар? Әлде мұсылман болудың бұдан басқа біз білмейтін жолы бар ма? Намаз оқығандар да, құран жаттағандар да, мешіттен шықпай, күндіз-түні ғибадат жасағандар да тозаққа баратын болса, онда тозаққа бармай қалмайтын адам болмайтын шығар, сірә. Сенбеуге... Пайғамбар хадисін жоққа шығарған ешкім жоқ әзірге. Сонда кәкір неде? Айтылар әңгімені осы сауал төңірегінде өрбітейік.

«Алла бар, одан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі, әрі құлы» деп кәлима-шаһадат айтқан адамды біз мұсылман дейміз. Алайда сол мұсылманның, Пайғамбарымыз хадисінде айтылғанындай, 73 топқа бөлініп, соның тек біреуі ғана тура жол тауып, қалған 72-сінің тозаққа түсетіндігіне жете мән бере бермейміз. Болмаса сол 72 топтағылар да намаз оқып, ораза ұстап, зекетін беріп, қажылыққа барып бір Аллаға ғана сыйынып, құлшылық қылған кәнігі мұсылмандар. Оларды салафи, уахаби демей-ақ кәдімгі сіз бен біз сияқты мұсылмандар деп қабылдасақ, сонда оларда Аллаға жақпайтындай қандай кінәрат бар? Әлде мұсылман болудың бұдан басқа біз білмейтін жолы бар ма? Намаз оқығандар да, құран жаттағандар да, мешіттен шықпай, күндіз-түні ғибадат жасағандар да тозаққа баратын болса, онда тозаққа бармай қалмайтын адам болмайтын шығар, сірә. Сенбеуге... Пайғамбар хадисін жоққа шығарған ешкім жоқ әзірге. Сонда кәкір неде? Айтылар әңгімені осы сауал төңірегінде өрбітейік.

Әуелі кәлима-шаһадаттың алғашқы жолына мән берейік. Ол - Алла бар, одан басқа тәңір жоқ. Дұрыс. Алла бар. Бар екендігіне сендік. Бірақ көргеніміз жоқ. Бізге қарағанда білімді дін ғұламалары да Алланы көрмеген тәрізді. Солар айтқан соң, оның үстіне ата-бабамыз мұсылман болған соң біз де «Алланың бар екендігіне сендік» деп иман келтірген болып жатырмыз. Кейбіреулеріміз сол сеніммен намаз оқып, ораза тұтып, діни ғұрыпты кәдімгідей-ақ ұстана бастадық. Бір қызығы, дінге жақындай түскен сайын Алланы іздеуге онша құлық таныта қоймадық. Тіпті Алланың қай жерде екендігіне де бас қатырмайтын болдық. Оның үстіне Алланы іздегендердің, таптық дегендердің де жауабына көңіл көншімейді. Біреулер Алланы абстрактілі түрде түсіндіреді, екіншілері - ғарышта, үшіншілері - жүректе дегенді айтады. Ал қалың көпшілік қолдарын көкке қарап жаяды. Бұл - Алла жоғарыда деген ұғымға жетелейді. «Алла бар ма, бар. Болды. Басқаға бас қатырма» дейтіндер де аз емес. Егер Алла туралы осындай түсінік-сенімді қанағат тұтсақ, сонда кәміл мұсылман боламыз ба? «Ия» дей салу оңай. Себебі, бізде бұдан басқа сенім де, ұғым да жоқ. Әйтсе де Алланың қайда екендігін таба қоймағандығымыз ешкімге де құпия емес. Ендеше барға қанағат деп, жоғарыда айтылған сенім мен ұғымды тарқатып көрелік.

Әуелгі айтпағымыз, мына бізді қоршап тұрған барша әлем Алланың бар екендігін айқындап тұр. Егер Алла болмаса... Осы жерден доғарайық. Дұрыс. Алла бар. Оны дәлелдеудің қажеті жоқ. Ендеше Алланың қайда екендігіне ойысайық. Алла - ғарышта. Көкте. Демек ғарыш, көк, мынау он сегіз мың ғалам, Алла болуы мүмкін біз атын білмейтін тағы бірдеңке, сол сияқты шексіздікке ие момынның жүрегі Алладан бұрын пайда болған ба? Егер солай десек, онда «Алла бар, одан басқа тәңір жоқ» деген куәлік сөзіміз қайда қалады?

Осы жерден шегініс жасап, әңгімемізді қайтадан басынан бастайық. Сонымен, Алла бар. Біз соған иланайық. Бұл иланудың бұрынғы иланудан өзгешелігі - біз санамызға «Алладан басқа ештеңе жоқ» деген ұғымды қалыптастырайық. Ұғынықтылық үшін «Бар» деген сөздің мәнін түсініп алайық. Мәселен бөлмеде ауа бар. Ауа бөлменің барлық жерінде бар. Енді біз ауаны темір сияқты тұтас зат деп қабылдайық. Демек ол бөлме бос емес. Онда «темір ауа» бар. Келесі түсінік. Бар нәрсе тек сол «темір ауа». Оның алды да, арты да, төбесі де, төменгі жағы да шексіз. Ол «темір ауаның» айналасында бос қалған қуыс та жоқ. Бар нәрсе тек «темір ауа» ғана. Міне, осы «барға» иненің ұшын батыра аламыз ба? Әрине, жоқ. Біз «бар» деп Алланы тап осылайша түсінеміз. Ол «барда» Алладан басқа ешнәрсе жоқ. Болуы мүмкін де емес. Себебі, басқа бос жер жоқ. Бар жердің бәрінде Алла бар. Алла кез келген нәрсе ішіне еніп кете беретін ауа тәрізді емес. Ол біз мысал үшін айтқан темірге де келмейді. Бірақ Алла заттық сипатқа ие. Ол «сипатта» жер элементтерінің бір де біреуі жоқ. Сондықтан біз Оны бейнелей алмаймыз. Алайда біздің адамдық болмысымыз - Алланың есім сипаттарының «микрокөшірмесі». «Микрокөшірмесі» деген ұғымға да түсінік қажет. Ол туралы сәл кейіндеу тоқталамыз. Егер біз Алланың бар екендігін тап осылай қабылдай алсақ, онда мына әлемде Алланың жоқ екендігіне көзіміз жетеді. Өйткені Алла бар болуы үшін өзге нәрселер жоқ болуы керек. Біз өзімізді, айналамыздағы бізге көрінетін, көрінбейтін заттарды жоқ деп қабылдағанның өзінде де ол жерде Алланың болуы мүмкін емес. Себебі, Алла - мекенсізде. Сондықтан Алла ана жерде, жоқ, мына жерде деп ойдан мекен жасаудың өзі күпірлік болады. Ал мына мекен... Ол енді жаратылыс. Біз де соның ішіндеміз. Гәп Алланың емес, біздің қайда екендігімізде. Сонымен біз қайдамыз?

Кәлима-шаһадаттың екінші жолына назар аударайық. Ол - Мұхаммед Оның елшісі, әрі құлы. Елшінің мәні - өкіл. Құл - қалтықсыз қызметкер. Демек Мұхаммед Алланың өкілі, әрі қалтықсыз қызметкері. Қалтықсыз қызмет дегеніміз біздің ұғымымыздағы табиғи заңдылық. Мына өмірде, табиғатта өзінен-өзі болып жатқан сияқты көрінетін іс-әрекеттің бәрі - сол құлдың қызметіне кіреді. Ал өкілдігіне келсек... Әруақ дегеніміз сол өкілдік. Енді осы айтқандарымызды тарқатайық.

Пайғамбарымыздың «Алла ең әуелі менің нұрымды жаратты» деген хадисі бар. Алладан «Бол!» деген әмір шықты. Өмірге Оның елшісі, әрі құлы келді. Ол - Нұрмұхаммед. Әруақ дегеніміз сол. Мына әлемді, біз білетін, білмейтін нәрселердің ендігі жаратушысы сол - әруақ. Бірақ ол жаратуларда да Алланың «Бол!» деген әмірі тұрады. Ол әмір бір-ақ рет, пайғамбарымыздың нұрына берілген. Сол әмір негізінде қалған кез-келген нәрсені сол нұр жаратады. Жаратып қана қоймайды, құлдың қызметін де қоса атқарады. Ең басты нәрсе, ол нұр, яғни мына әлем қайда жаратылған? Жауап айқын. Жоқтықта, Алланың қиялында жаратылған. Алланың ол әлемде болмайтындығы сондықтан. Мына жаратылған әлем екі нәрседен, « және «-» зарядтан тұрады. Оның бірі - Алланың әмірі, екіншісі - пайғамбарымыздың нұры. Алласыз қурайдың да сынбайтыны, онда да, яғни кез келген нәрсенің ішінде, Алланың әмірі тұрады. Алласыз біз кірпігімізді қағып, қасымызды кере де алмаймыз. Соны білген адамдарды мұсылман дейміз.

Адамның жаны да Нұрмұхаммедтен, яғни әруақтан жаратылған. Құран Кәрімде Алланың «Біз жараттық» деп көпше түрде айтатындығы сондықтан. Жанда Нұрмұхаммед, Нұрмұхаммедте Алланың есім сипаттары мен әмірі тұратындықтан Алла бізге күре тамырымыздан да жақын болады. «Адам Алланың есім сипаттарының микрокөшірмесі» деуіміз соған байланысты.  Міне осы жаратылыс мәнін ұғу үшін қаншама ғұламалар жарты жолда қалып, қаншама ұлыстар діннен шыққан. Христиандар әруақты Құдай деп қабылдады. Ислам дінінің кейбір ғұламалары да әруақ-жаратушыны  Алла деп ұғынды. Әруақты мойындамайтындар Алланы мына әлемге араластырып жіберді. Бір қызығы, бүгінгі күннің заманауи ғалымдары да әруақты мойындап отыр.  Бірақ олардың түсінігіндегі әруақ - антиматерия. Қазір олар сол «антиматерия - Құдайдың» әлемді қалай жаратқандығына бас қатыруда. Ал біздің ата-бабаларымыз болса, әруақты «Құдай емес, бірақ Құдайдан былай да емес» деп түсінді. Ақиқаты да осы түсінік.

Енді 73-ке бөлінген мұсылмандардың 72-сінің неліктен тозақтық болатындығына ойысайық. Ең басты кінәрат - әлгі 72-нің бәрі де мына өмірді шын, өзін бармын деп қабылдайды. Сондықтан «мен намаз оқыдым» деген адам әлгі 72-нің қатарына барып қосыла береді.

Ұғынықтылық үшін айтайық. Сіз бен біз түс көреміз. Түсімізде намаз оқыдық делік. Сол намазға біз иелік ете аламыз ба? Сол түсімізде оқыған намазды малданып имандымыз деп айтуға құқылымыз ба? Егер оны түс десек, онда мына өмірді «бар» деп ойлағанымыз ғой. Не істемек ләзім?

Жауап айқын. Біз мына өмірге байланбаймыз. Мен-ді Ол-ға айналдырамыз. Мен - жоқтық, Ол - барлық. Демек, бар - тек Алла. Яғни намазды да біз емес, Ол оқиды. Ақыры солай екен. Онда тіршілік етпеймін, өмір сүрмеймін десең, кәпір боласың. Өмірге шынайы аралассаң - 72-нің қатарына кіресің. Сондықтан біз мына өмірді жалған деп қабылдағандықтан, ішіне енбейміз. Мәселен өзіміз өмір сүріп жатқан өмірді кино делік. Кино көріп отырған адам сезімге беріліп, киноға еніп кеткені сондай, ондағы кейіпкерлердің біріне айналып кетеді. Біз жоғарыда тілге тиек еткен 72-нің бәрі сондай кейіпкерлер. Ал қоюшы оператор экранда не болып жатса да  селт етпейді. Тура жол тапқан 73-ші - осы «қоюшы оператор». Мына әлемге Алланың көзімен қарау керек дегенде, біз қаперге «операторды» алуымыз керек.

Біздің ата-бабаларымыз жаратылыс мәнін, яғни әруақты ұғынып, барлық іс Алла қалауымен болатындығын түйсінгендіктен, сөз басын «Құдай қаласа» деп бастап, мына жалғанға көз сүзбеген қалыптарында өмірден өткен. Жалғыз тура жолды табушылар да солар. Ендеше біз де сол жіптен ажырамайық.

«Abai.kz»

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404