Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3874 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 13:19

Айгүл ҚОСАНОВА: АЙДАЛАДАҒЫ ТӘЖІКТІҢ ӘНІНЕ БОЛА СОТТАСЫП ЖАТЫРМЫЗ

Айгүл ҚОСАНОВА, әнші:

- Айгүл, кішкентайлы болыпсыз, бауы берік болсын!
- Рахмет, айтқаныңыз келсін!
- Отбасына қосылған нешінші перзент? Есімін кім қойды?
- Наурызда дүниеге келген үшінші перзентіміздің аты - Айнамкөз. Есімін үйдегі отбасы мүшелері бәріміз ұзақ кеңесіп, ортақ келісіммен қойдық. Тұңғышымызбен арасы - он үш жыл.
- «Шығармашылығыңызда не жаңалық?» деп сұрағалы тұр едім, декреттік демалыста екенсіз ғой?
- Иә, баламен үйде едім, енді қыркүйектен бастап жұмысқа шығып жатырмын. Әйтсе де, жаңа әндер жаздыруды да ұмыт қалдырғаным жоқ. Ақын Светқали Нұржановтың сөзіне жазылған термені орындау ойымда бар. Күрделі дүние болғандықтан дайындықты қажет етеді. Біз, дәстүрлі әншілер, әннің сөзіне аса мән береміз, сол себепті репертуарға қосылатын жаңа ән халық қабылдап үйренген биік деңгейдегі салмақты әндерден бір мысқал да кем болмауы керек. Өзім де әннің сөзіне өте кірпияз көңілмен қараймын, қолыма ілінгенді қағып алып орындай салмаймын. Өткенде жас сазгерлердің бірі: «Айгүл әпке, орындайсыз ба?» деп жаңа әндерін әкеп көрсетті. Сөйтсем: «Сүйдім, күйдім, сен маған қарамай жүрсің», - деген мағынадағы жастардың айтатын жеңіл-желпі әндерінің қатарынан екен. Бірден бас тарттым.
- Күз келді. Көңіл күйіңізге әсер ете ме?

- Әсер еткенде қандай... Өзім күзді аса ұнатпаймын. Тұнжыр, суық. Біртүрлі көңілсіздікке сүйрей береді. Адамдар да осы кезде күйзеліске бейім келетін сияқты.
- «Күйзеліс» демекші, тәжіктің халық әні «Сорбонға» байланысты, ішінде сіз де барсыз, Сәуле Жанпейісова мен Талғат Теменовтің арасында екінші рет сот отырысы болып жатыр. Жүйкеңізге салмақ түсіп отырған болар...
- Айтары жоқ, жүйкеге де, уақытқа да салмағы бар. Ойда жоқ жерде осы әнді орындаймын деп басымның дауға қалатынын білдім бе? Т.Теменовтің «Менің күнәлі періштем» деген фильмінің түсіру жұмысы басталғанда менің аяғым ауыр еді. Жалпы, жүктілік мезгілді өте ауыр өткеретін әдетім бар. Барлық жүкті әйелге таныс жүрек лоблу, айналаға жақтырмай қарап, мазасыз күй кешу, бас айналу менде айырықша болады. Сөйтіп жүргенімде Талғат Теменов телефон шалып: «Айгүл, осындай фильм түсіріп жатырмын, сол картина үшін  «Сорбонды» орындап берші», - деген өтінішін айтты. Жайсыз сезініп жүргендіктен барғым келмей, немқұрайлылыққа салып едім, қайыра телефон соғып, тағы да тілегін білдірді. Біреудің өтінішін аяқсыз қалдырып, жалындыру менің табиғатыма жат. Сондықтан бардым да, «Сорбонды» орындап бердім. Сөйтіп фильм шықты. Сәуле әпкеміз көтерген шу да осы кезде шықты. Менің бар жазығым - режиссердің өтінішін орындағаным. Әйтпесе мен «Сорбонды» күн сайын орындап жүргенім жоқ, онымен жұрт алдына концертке шыққаным жоқ, репертуарыма қосып алғаным жоқ, өзімдікі етіп меншіктеген жерім жоқ. Сол фильм үшін бір-ақ рет орындадым да, ұмытып кеттім. Сотта да осылай деймін.
- Иә, бұл әнді рұхсатсыз пайдаланғандардың сотқа берілетіні туралы Сәуле әншінің біздің газетімізге айтқаны бар. Сонда сіз сотқа не үшін тартылып отырсыз? Сізге тағылған айып не?
- Сәуле әпкеміз мені шақырып алып: «Әннің менікі екенін біле тұра, менің рұхсатымсыз, менің аранжировкаммен орындадың, ал ол әнді мен мың долларға жаздырғанмын», - дейді. Құдай ақы, мен ол әннің С.Жанпейісованікі екенін, Сәуленің жаздырғанын білгенім жоқ. Өйткені бұл әнді бұрыннан орындап жүргендер бар. Маған дискіні берді, мен тыңдадым да, орындап шықтым. Болғаны осы. Маған режиссер қандай тапсырма берді, қандай міндеттеме белгіледі, тек соны орындадым. «Құдай-ау», - деймін кейде күйініп: «ең болмаса таласуға тұратын қазақтың таңдай қақтырарлық керемет бір әні болса екен, айдаладағы тәжіктің әні үшін бір-бірімізді сотқа сүйрейтіндей, жүйке жұқартып, жұрт алдында арзандайтындай не көрінді сонша?» Амал не, мұны да бастан өткеруге тура келеді.
- Егер сотта иә жеңіп, иә жеңіліс тапсаңыздар, нәтижесінде не болады?
- «Қазақфильм» киностудиясы С.Жанпейісоваға мың долларын бермек болып келісімге шақырған екен, бірақ ол сотқа беріп, бір миллион жарым өтемақы сұрапты. Жеңсе, нәтижесі солай болады. Бірақ «Аққа Құдай жақ» деген атам қазақтың аталы сөзін бойтұмарымдай көретін адаммын. Сотқа да Алланың осы үкіміне арқа сүйеп барамын.
- Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен - А.ХАЛЫҚ

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434