Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
Бір сауал 4912 101 пікір 18 Наурыз, 2022 сағат 14:37

Назарбаев алмаған Нобель Зеленскийге бұйыра ма?

Украина президенті Владимир Зеленскийді Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ұсыныпты. Еуропа саясатшылары Нобель комитетіне арнайы хат жолдап, ұсыныс жасапты.

«Украинаның ержүрек азаматтары, ерлері мен әйелдері өздерін-өздері басқару құқығы мен демократия үшін күресіп жатыр. Демократиялық жолмен сайланған президент Владимир Зеленскийден бастап, көзіне жас алып тұрып, өз отанын қорғау үшін отбасымен қоштасып бара жатқан әрбір азаматқа дейін Украинаның барша азаматтары авторитаризм күшімен күресуде. Біздің сөзбен қолдауларымыз бен көңіл айтуларымыз олардың адам құқығы мен бейбітшілік жолында жасап жатқан құрбандықтарының орнын толтыра алмайды», - делінген ресми хатта.

Негізі Нобель сыйлығына үміткерлерді қабылдау мерзімі 1 ақпанда аяқталуы тиіс болған. Алайда, Еуропа саясатшылары Зеленскийдің кандидатурасын ұсыну үшін өтінім қабылдау мерзімін 31 наурызға дейін созуды сұраған.

«Бұл процедураларды бұзу екенін жақсы түсінеміз, бірақ бұл ереже бұзушылықты қазіргі орын алып отырған жағдаймен ақтап алуға болады. Демократия мен өзін-өзі басқару құқы үшін күресіп жатқан халықты қолдап, авторитаризмге қарсы тұру – біздің демократиялық міндетіміз», - депті хат иелері.

Айта кетейік, Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын соңғы 30 жылда мемлекет басшыларынан кімдер алды? Қараңыз:

1990 жыл – Михаил Горбачев (КСРО президенті),

1991 жыл – Аун Сан Су Чжи  (Мьянма көсемі),

1993 жыл – Нельсон Мандела (Оңтүстік Африка Республикасының 1-ші президенті),

1993 жыл – Фредерик де Клерк (Оңтүстік Африка Республикасының 7-ші президенті),

1994 жыл – Ясир Арафат (Палестина көсемі),

1994 жыл – Шимон Перес (Израильдің 9-шы президенті),

1994 жыл – Ицхак Рабин (Израильдің 5-ші премьері),

1996 жыл – Жозе Рамуш-Орта (Шығыс Тимордың 2-ші президенті),

2000 жыл – Ким Дэ Чжун (Оңтүстік Корей президенті),

2001 жыл – Кофи Аннан (БҰҰ-ның 7-ші Бас хатшысы),

2002 жыл – Жимми Картер (АҚШ-тың 39-шы президенті),

2005 жыл – Мұхаммед әл Барадей (Мысырдың 19-шы вице-президенті),

2007 жыл – Альберт Гор (АҚШ-тың 45-ші вице-президенті),

2008 жыл – Мартти Ахтисаари (Финляндияның 10-шы президенті),

2009 жыл – Барак Обама (АҚШ-тың 44-ші президенті),

2011 жыл – Элен Жонсон-Серлиф (Либерияның 24-ші президенті),

2016 жыл – Хуан Сантос (Колумбия президенті),

2019 жыл – Абий Ахмет Али (Эфиопия премьері).

Атамыш сыйлыққа Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бірнеше мәрте ұсынылған...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

101 пікір