Ресейден Өзбекстанға ақша аудару азайды
Биыл наурыздан бері Ресейден Өзбекстанға қаржы аудару көлемі едәуір қысқарды, деп хабарлады Орталық банк төрағасы Мамаризо Нұрмұратов.
"Наурыздың алғашқы жартысында Өзбекстанға жолданған қаражат өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз болды. Алайда бұған рубльдің құнсыздануы әсер етті деп айту әзірге ерте. Соған қарағанда, еңбек мигранттары ақша жолдау-жолдамау жағын шеше алмай отырса керек", – деді ол.
Дегенмен Орталық банк басшысы Ресейден қанша ақша аударылғанын айтпады.
2021 жылы еңбек мигранттары Өзбекстанға 8,1 млрд доллар жолдаған. Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамына қарағанда, 2022 жылы аударылатын қаражат биыл Ресей экономикасындағы қиыншылықтарға байланысты 21% азаяды.
Abai.kz