Сенбі, 23 Қараша 2024
2301 21 пікір 21 Наурыз, 2022 сағат 15:50

Тоқаев: Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының "Астана" алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысып, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін мереке екенін атап өтті.

"Әз Наурыз – береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы. Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматы қаласына арнайы келдім. Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталған. Алматы – Қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы", – деді Мемлекет басшысы.

Президент зиялы қауымның және өнер, білім, ғылым, бизнес салалары өкілдерінің Алматы шаһарында шоғырланғанына тоқталып, қаңтар оқиғасы кезінде қала тұрғындарының зор қауіп-қатерге төтеп бергеніне ерекше мән берді.

"Сын сағатта тұрғындар нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Біз ауызбіршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық. Мен шаһарды қалпына келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бердім. Алматыны өркендету және жергілікті жұрттың тұрмыс сапасын жақсарту менің айырықша назарымда. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр. Оны жүзеге асыруға алматылықтар барынша атсалысады деп сенемін.

Бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматыға арнайы келіп отырмын. Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы - қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Қаңтардағы террористер мен қаскөйлердің негізгі соққысы Алматыға тиіп, жазықсыз адамдар қаза тапты. Қала инфрақұрылымына үлкен залал келді. Дегенмен, алматылықтар, қайсарлық таныта білді. Мен сіздерге ризамын, мемлекеттілігіміздің бұрын-соңды болмаған қауіп-қатері алдында дүрлікпедіңіздер Алдымызда ауқымды реформалар күтіп тұр. Жаңа Қазақстанның құрылысы басталады. Біз жаңа елді, жаңа Қазақстанды міндетті түрде құрамыз және біздің қолымыздан бәрі келеді", - деді Президент", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызға тоқталып, өзінің халыққа Жолдауында айтылған көлемді реформалар елімізді түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.

Президент бүгінгі мерекелік күннің жаңа өзгерістерге бастауына, тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміздің жасай беруіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінен кейін жиналған жұртшылықпен бірге мерекелік концертті тамашалады.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434