Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2279 0 пікір 15 Қазан, 2012 сағат 08:58

Жұмамұрат Шәмші. Тез айығып кетіңіз, аға

Қолына қалам ұстап жазуды серік еткен ақын-жазушылардың 70 жасқа келгендері аз емес. Мерейтойын билікке тойлатқызып, ел аралап жүргендері де баршылық. Байқап бағамдалық, сол мерейтой иелері дәл Мұхтар Шахановтай халық ықыласына бөленді ме? Ойландыратын күрделі сұрақ. Иә, Шаханов 70 жасқа қазақ тарихында бұрын соңды болмаған абыроймен жетті. Абырой дейміз-ау...  Халық алдындағы жасаған перзенттік парызы мен азаматтық міндеттерінің арқасында Мұхаң бұл жасқа мүлдем бөлек беделмен келді.

Ұлттық мүдде мен мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалына бей-жай қарамайтын азаматтар бірлесіп, Астана қаласында ақын ағамыздың «Сарыарқадан тарту» атты Мұхтар Шахановтың 70 жасқа толуына орай мерейтой иесінің шығармашылық кешін ұйымдастырғандарын естіп, біз де бала-шағамызды ертіп, Конгресс холлға тарттық. Кештің басталуына 1 сағаттан астам уақыт барына қарамай, жиналған халықтың көптігінен баламмен кірер есікке жақындай алмадым. Сол кезде ойыма 2009 жылы билік «Қазақстандық ұлт» идеясын Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі» доктринасы арқылы енгізбекші болғанда Мұқаң доктринаны тоқтату туралы талап қойып, аштық жарияламақшы болғанда төрт мыңнан астам адам  оны қолдап шыққанда билік Шахановтың талабына еріксіз көніп, қазақ халқына  зиян әкелетін «Қазақстандық ұлттан» биліктің бас тартқаны  есіме түсті. Бүкіл қазақ ұлты бір Шахановтың соңынан ереді екен. Соған тағы да көзім жетті.

... Содан әупірімдеп ішке кірсек, залда ине шаншар орын жоқ. Міне, қызық. Кеш басталуына әлі сағаттан астам уақыт болса да залда отыратын орындықтан бөлек 500-ге жуық адам тұрып тұр. Сыртта тағы осынша адам.

Не керек, кеш басталды. Бәріміздің көкейімізді - ақын ағамыз қайда? Сахнаға қашан шығар екен? - деген сұрақ тесіп барады. Залдағылар мойындарын созып тыпырши бастады.

Бір уақытта жүргізушілер - Мұхтар ағамыздың кештің басталарынан жарты сағат бұрын жедел жәрдеммен ауруханаға түскенін хабарлады. Дәл сол сәт көзіме ыстық жас толып, айналамды көре алмай қалдым. Байқасам зал тегіс абыр-сабырға түскен. Жиналған көпшілік түгелдей ақынның амандығын тілеуде.

Жүргізушілер: «Мұхтар ағамыз кештің соңына дейін келіп қалар, тез сауығып кетуін тілейік» - деп көпшілікті тынышталдырды. Кейіннен белгілі болғандай, шығармашылық кеш Астанада ай бұрын жоспарланып қойғандықтан Мұхтар ағамыз Алматыда ауруханаға жатқан жерінен ұйымдастырушылардың өтінішін жерге тастамай Елордаға келген екен. Толық ем шараларын қабылдап болмаған ақын денсаулығына байланысты өзін тағатсыз тосқан қауыммен кездесе алмады.

Конгресс холлда жиналған 2 мың халық тағаты таусыла ақынының тілеуін тілеп, кештің соңына дейін ақын шығармашылығымен сусындады. Ал, ішке кіре алмай, әрі-сәрі болған тағы 2 мыңға жуық адам  ұйымдастырушыларға «Шахановтың шығармашылық кешін неге кішкентай залда өткізіп жатырсыңдар» деп өкпе-реніштерін  жасырмады. «Астанада Конгресс холлдан әлдеқайда үлкен концерттік залдар бар. Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші сондай залда өтсе жараспай ма?» - деп көзіне жас алып, кемсеңдеген қарт кісілерді көргенде біздің де жүрегіміз шымырлап кетті.

Мұхтар ағамыздан, оның жырларынан әр қазақ өзінің ұлттық рухын сақтауға, еселеуге дәнекер болатын жалын алып қалуға жанталасқанын сезінгенде ерекше күйге бөлендім.

Ақын бірден аурухананың жансақтау бөліміне түсіпті. Қолдан келер жалғыз ісіміз - жаратушы бір Алладан Мұхтар ағамыздың тез айығып кетуін тілеу ғана...

«Masa.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475