Сенбі, 23 Қараша 2024
Дабыл 8435 48 пікір 26 Наурыз, 2022 сағат 12:51

Ресей депутаты: Қазақстанды да «денацификациялау» керек

Ресей Украинаға басқыншылық жасаған сәттен бастап, ресейлік саясаткерлердің посткеңестік елдерге қатысты күдігі мен талаптары арта түсті. Өзге елге талап қоюдан тайынбайтын басқыншылар ендігі таңда тіпті, биозертханалар атты тақырыпты қыздырып жатыр. Олар «Украина жерінен бөлек, Грузия мен Қазақстанда да АҚШ-тың биозертханалары бар», - дейді. «Оны тексеру керек, тексермесек көзін жою керек», - дегенді емін-еркін айтатын болды. 

Мәскеу қалалық думасының депутаты, Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының мүшесі Сергей Савостьянов Украинадағыдай, Қазақстан, Балтық елдері мен Молдовада әскери операция өткізуді ұсынды.

«Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау Украина, Ресей және бүкіл Еуропа халықтары үшін тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым толық процесі үшін Украинадан басқа Балтық жағалауы елдерін, Польша, Молдова және Қазақстанды денацификациялауды орынды деп санаймын», - депті ол.

Ол бұл туралы арнайы ұсыныс құжатын жасап, оның үлгісін әлеуметтік желіге жариялаған. Ресей әскері басқыншылық жасап, 24 ақпанда Украинаға басып кірген болатын. Ресей 1351 адамы қаза тапқанын мойындады.

Abai.kz

48 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364