Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3415 8 пікір 26 Наурыз, 2022 сағат 13:30

БАҚ: Нұрлан Нығматулин Қазақстаннан кетті

Мәжілістің экс-спикері  Нұрлан Нығматулин наурыздың ортасында Қазақстаннан кетті. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жазады.

Экс-спикер Нығматулин экс-президент Назарбаевтың туысы Қайрат Сатыбалды тұтқындалғаннан кейін Қазақстаннан кетіп қалған-мыс.

ҚазТАГ ақпаратынша, Нығматулин әуелі Атырауға жеке ұшақпен ұшып барып, сол жақтан Comlux компаниясының бортына мініп, Бакуге аттанған. Оның бұл бағытта ұшып кетуінің себебі – ол өзінің ізін жасырмақ болған дейді.

«Өздеріңіз білетіндей, Нығматулиндер әулетінің өздерінің жеке ұшағы бар. Олар ол ұшақпен кез келген бағытқа ұша алатын еді. Мейлі, Дубай болсын, мейлі, Лондон болсын... Алайда, Нұрлан Нығматулин дәл осы жолды таңдауы - өзінің ізін жасыру әрекеті болуы мүмкін. Ол әуелі Атырау-Баку бағытымен барып, сол жақтан тіпті, басқа құжат арқылы кез келген мемлекетке ұшып кетуді ойлаған», - деп жазады ҚазТАГ.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрлан Нығматулиннің Қазақстаннан кетіп қалғаны туралы ақпарат шыққан. Кейін Мәжілістің экс-спикері өзі шығып, бұл ақпаратты терістеген.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367