Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2669 0 пікір 21 Шілде, 2009 сағат 08:13

Жәкішев депутат Имашевтің қорғауына сеніп отыр және жала жапқаны үшін Квятковскаяны сотқа бермек – газет

Алматы. 21 шілде. ҚазТАГ – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-нің қамауға алынған бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев өз адвокаттарына қылмыстық істің материалдарымен танысу мүмкіндігі берілмегеніне алаңдап отыр. Сонымен қатар, ол бұған дейін ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатщысы болған сенат депутаты Берік Имашевтың көмегіне сенім артады және жала жапқаны үшін Татьяна Квятковскаяны сотқа бермек. Бұл туралы ол «Время» газетінің тілшісіне сұхбат беру барысында мәлім етті, сұхбат сейсенбі күні жарық көрді.

«Мені жаңа ақпарат алу мүмкіндігінің жоқтығы алаңдатып отыр. Отбасым жалдаған адвокаттардың осы уақытқа дейін қылмыстық іспен таныса алмай отырғаны мазалайды. Мен қорғаушы ретінде Берік Имашевтің шақырмақ ниетім туралы тергеуге хат жаздым. Алайда жауап алған жоқпын. 3 шілдеде жазбаша түрде Данияр Қанафинге өтініш жазып, одан маған жала жапқан Татьяна Квятковскаяға қарсы сотқа арыз бергенін сұрадым. Алайда ол жақта не болып жатқанынан бейхабармын … Менің жағдайым жақсы. Шыдаймыз. Егер сот объективті болса, алаңдап, мазаланатындай себеп жоқ деген сөз. Қазір өзімді сабырлы сезінудемін...», - деді ол.

Сонымен қатар, ол қан қысымының жоғары болғанынан басқа, денсаулығы сыр бермегенін атап көрсетті.

«Қан қысымым бірнеше рет 180-ге дейін, ал бір рет 210-ға дейін көтерілді. Уайымдамаңыз, бәрі жақсы...Аяғымның іскені немесе сынғаны жоқ», - деді ол.

Газет редакциясының хабарлауынша, сұхбаттың толық нұсқасы бейсенбі күні жарияланады.

2009 жылдың 21 мамырында М. Жәкішев «Қазатомөнеркәсіп» президентінің қызметінен босатылды, ал 24 мамырда ол қамауға алынып, оған сеніп тапсырған ірі көлемдегі мүлкін топтасып иемдену деген айып тағылды. Сонымен қатар, компанияның үш вице-президенті – Дмитрий Парфенов, Асқар Қасабеков және Малхаз Цоцория қамауға алынды, олар қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде өтіп отыр. М. Жәкішевті мемлекеттің мүлкін ұрлады деп  «Нұр Отан» партиясының мүшесі  Татьяна Квятковская айыптаған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377