Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2403 0 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 16:27

Түркі академиясының Вице-президенті «Достық» орденімен марапатталды

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркі академиясының Вице-президенті Фузули Мажидлиге ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

«Достық» ордені мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, сондай-ақ, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін беріледі.

Түркі академиясы 2010 жылғы 25 мамырда Қазақстанның бастамасымен құрылып, қазіргі уақытта түркологияның халықаралық танылған ғылыми орталығы болып табылады. Академияның мүше елдері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Мажарстан байқаушы мәртебесіне ие. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318