Доллар бағасы қайта өсуде
Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,34 теңгеге қымбаттап, 465,49 теңгені құрады. Дүйсенбіден бері доллар 30 теңгеден астам арзандаған еді.
Кешегі саудада Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,20 теңгеге өсіп, 5,40 теңгені құрады. Ал қытай юанінің бағамы, керісінше, 1,94 теңгеге төмендеп, 72,17 теңгені құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 510,57 теңге деп белгіледі. Ақша айырбастау орындарында доллар 462-467 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 513-521 теңгеге өсті. рубль – 5,5-6,05 теңге болды.
Abai.kz