Күнбағыс майы қымбаттауда
Қазақстанда тазартылған май өндіру айтарлықтай қысқарды. Бір жылда баға 23%-ға қымбаттаған. Алайда сарапшылардың есебіне сәйкес, елімізде күнбағыс майының өндірісі бір жылда 3,1 пайызға артып, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 67,5 мың тоннаға жеткен.
"Оның 44,5 мың тоннасы – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,8%-ға артық көлемі тазартылмаған күнбағыс майы өндірісіне тиесілі. Бұл ретте тазартылған күнбағыс майының өндірісі бір жыл ішінде 29,2%-ға, яғни 23 мың тоннаға дейін қысқарды", - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Күнбағыс майы Батыс Қазақстан (жылына 35,6%), Жамбыл (28,9%) және Ақмола (27,5%) облыстарында айтарлықтай қымбаттады. Еліміздің ірі қалаларында күнбағыс майының ең жоғары бағасы Атырауда (литріне 844 теңге), елордада (литріне 818 теңге) және Ақтауда (литріне 815 теңге) байқалады.
Abai.kz